Бюджет және өзге де заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданды

Бюджет және өзге де заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданды

Түркістан облысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізген республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша бюджет және өзге де заңнаманы бұзуға жол берген басшы құрамның 7 лауазымды адамы мен 5 маман тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл ретте 2 жұмыскер атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі