Қазақстан Республикасының жеке және занды тұлғаларының, азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасының  жеке және занды тұлғаларының, азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруларының алдын алу шаралары шеңберінде 2021 жылғы қаңтар-наурыз айларында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру мүмкін болмай отыр.

Осыған байланысты, Есеп комитетіне жүгінгісі келетін жеке және заңды тұлғалар өздерінің өтініштерін:

- «е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы (Есеп комитеті Төрайымының блогы);

- Есеп комитетінің ресми электрондық мекенжайына esep01@esep.gov.kz;

- «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жібере алады.

Қажет болған жағдайда Есеп комитеті басшылығының жеке қабылдауына жоғарыда көрсетілген байланыс арналарының бірі арқылы жазылуға және Zoom, Skype, Whatsapp-мессенджері және т.б.қосымшалар арқылы алдын ала келісуді есепке ала отырып, оны өткізуді ұйымдастыруға болады.

 

Барлық өтініш заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралатын болады.

 

 

Есеп комитетінің аппараты

8-7172-70-70-37, 8-7172-70-70-62