Наталья Годунова Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады

Наталья Годунова Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде ұжымды құттықтай отырып және еліміздің ұлттық мерекесінің маңыздылығын атап өтіп, ведомство басшысы Наталья Годунова мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыс етті.

«Қазақстанның саяси тұрақтылықты нығайту, тиімді экономикалық реформалар саласындағы жетістіктері, халықаралық аренада танылуы және азаматтардың әл-ауқатының өсуі - бұл Елбасы және Қазақстан Республикасының Президенті тұжырымдаған ұлттың стратегиялық басымдықтарын іске асырудың нәтижесі», - деді Наталья Годунова.

Ведомство басшысы тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінде Есеп комитетінің еңбегі мен қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы - мемлекеттік аудитор Рүстем Нұрпейісов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Есеп комитетінің мүшесі Нұрлан Нұржанов, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Сапа бақылауы, әдіснама және аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор Мейрамхан Қыдырбаев марапатталды.

Есеп комитетінің, сондай-ақ «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-ның бірқатар жұмыскерлері сыртқы мемлекеттік аудит органының дамуына және бюджет тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін II және III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медальдарымен, II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ Есеп комитеті Төрайымының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

 Марапаттау рәсімінің соңында Наталья Годунова еліміздің тәуелсіздігі кезеңінде Есеп комитеті өзін қалыптастырғанын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің артуына және қаржылық тәртіпті жақсартуға ықпал еткен мемлекеттік аудиттің жоғары органы мәртебесін берік нығайтқанын атап өтті.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі