Есеп комитеті мен БҰҰДБ ынтымақтастықты нығайтады

Есеп комитеті мен БҰҰДБ ынтымақтастықты нығайтады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова мен БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш бейнеконференцбайланыс режимі арқылы кездесу өткізіп, 2021-2023 жылдарға арналған «Сыртқы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру» жобасын іске асыру аясында одан әрі ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу барысында Наталья Годунова Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) тиімділігін бағалау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында БҰҰДБ-мен Есеп комитетінің көзқарасымен бөлісті, сондай-ақ CIPFA халықаралық біліктілік бағдарламасы бойынша Есеп комитетінің қызметкерлерін оқыту тұрғысынан қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Кездесуде сыртқы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру және қашықтықтан аудит жүргізуді енгізу бөлгінде одан әрі ынтымақтастықты кеңейтудің нақты бағыттары талқыланды.  

Тараптар сонымен қатар пандемия жағдайындағы экономикалық дамудың қазіргі үрдістерін, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы елдік бағдарламасын талқылады.