ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жоғары аудит органдарының мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XXVII отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жоғары аудит органдарының мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XXVII отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы бейнеконференция байланысы форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары аудит органдарының мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының XXVII отырысын өткізді.

Отырысқа Армения Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы жоғары аудит органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік аудит әдіснамасын жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар бағыт бойынша тәжірибе алмасты.

Атап айтқанда, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы мемлекеттік аудиторларды ынталандыру және қолдау бойынша ЖАО-ларда қолданылатын тәжірибелер мен құралдарға жүргізілген сауалнама нәтижелеріне шолу ұсынды.

Ресей Федерациясының ЖАО өкілдері сыртқы мемлекеттік аудит шеңберінде әлеуметтік сауалнамалар жүргізудің әдістемелік тәсілдерімен бөлісті, ал Қырғыз Республикасы ISSAI 140 «ЖАО-дағы сапаны басқару» халықаралық стандартын енгізу және практикалық қолдану тәжірибесін таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, тәжірибе алмасудың және ТМД кеңістігінде мемлекеттік аудит стандарттарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.