Жоғары аудиторлық палатада қызметтік әдеп және діни сауаттылық мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті

Жоғары аудиторлық палатада қызметтік әдеп және діни сауаттылық мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті

3 маусым күні ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Әдеп жөніндегі уәкіл Жандос Жаңабаевтың, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Мейіргүл Қалабаеваның, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер үшін ойын-сауық және құмар ойын орындарына баруға қатысты белгіленген шектеулер, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу мәселелері қаралды.

Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдарға қатысуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарға, сондай-ақ құқықтық және діни сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дін істері комитетінің өкілі М. Қалабаева мемлекеттік қызметшілердің зайырлылық қағидаттарын, заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтауының маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер өткізу мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттері мен шектеулерін нақты түсуіне ықпал етеді, сондай-ақ қоғам мүддесіне  зиян келтіруі мүмкін жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.