2026 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындылары шығарылды

2026 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындылары шығарылды

Жоғары аудиторлық палатада 2026 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін беру қорытындылары шығарылды.

Бұл кезеңде тиісті деңгейдегі Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның үш отырысы өтті. Жалпы 48 адам қатысты.

Еске сала кетейік, сертификаттау екі кезеңнен тұрады.

1️⃣ Бірінші кезеңде кандидаттар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында өткізілетін тестілеу форматындағы біліктілік емтиханы арқылы өз білімдерін растайды. Емтихан бухгалтерлік есеп, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін қаржылық есептілікті дайындау, сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті және басқа да пәндерді қамтиды.

2️⃣ Екінші кезеңде қатысушылар Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында олардың кәсіби дайындығы, құзыреттер деңгейі, жеке қасиеттері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар үшін міндетті кәсіби әдеп қағидаттарына бейілділігі бағаланады.

Сертификаттау қорытындысы бойынша 39 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.

Сонымен қатар 9 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.