Есеп комитеті республикалық және өңірлік бюджеттерді игерудегі бұзушылықтарды анықтады

Есеп комитеті республикалық және өңірлік бюджеттерді игерудегі бұзушылықтарды анықтады

Дағдарысқа қарсы шараларға арналған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде бұзушылықтарға жол берілген

 

Есеп комитетінің кезекті отырысында республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) мен нысаналы трансферттерді, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

 

Іс-шараға Ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым, индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктерінің, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

Кірістерді қайта бөлудің қолданыстағы моделі салық әлеуетін едәуір саралауды болдырмауға және жергілікті бюджеттердің меншікті кірістерінің (кіріс бөлігінің) құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бюджеттік субвенциялар алушы өңірлерге сапасы жағынан салыстырғанда басқа, неғұрлым қолайлы өңірлердің тұрғындары пайдаланатын қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктің қаншалықты іске асатыны жергілікті атқарушы органдар жүргізіп отырған саясатқа байланысты.

Осы тәсілдің оң жағы үш жылға бекітілген жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің салыстырмалы болжамдылығы болып табылады.

ЖСТ өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және бюджеттің әрбір деңгейіне бекітілген шығыстар бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдік берген қызметтерді ұсыну үшін тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда, бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің осы кезеңінде қаржыны орталықтандырудың жоғары деңгейі өңірлердің төмен қаржылық тәртібіне негізделген.

Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау және пайдалану

Аудит нәтижелері бойынша қолданыстағы ЖСТ есептеу әдістемесінде көптеген кемшіліктер анықталды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) ЖСТ есептеу көлемі мен әдістемесін айқындайтын уәкілетті орган болып табылады.

Есеп комитетінің бағалауы бойынша 2017-2019 жылдарға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша болжауды төмендету 281,7 млрд. теңгені, 2020-2022 жылдарға әлеуметтік салық бойынша 189,6 млрд. теңгені (2020 жылға – 41,6 млрд. теңге), 2017-2019 жылдарға қалған салықтар мен төлемдер бойынша 436,4 млрд. теңгені, 2020 жылға 194,0 млрд. теңгені құрады.

Нәтижесінде түсімдер болжамының барабар төмендетілуіне әкеп соққан жол берілген кемшіліктер мен бұзушылықтар 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 718,1 млрд. теңге және 2020 жылға 235,6 млрд. теңге көлемінде субвенциялардың ұлғаюына әсер етті.

Субвенциялар өңірлердің кірістерін толықтырудың негізгі көзіне айналды, олардың өңірлер кірістеріндегі үлесі шамамен 30%-ті құрайды, бұл республикалық бюджет қаражатына қаржылық тәуелділіктің ұлғаюын және соның салдарынан республикалық бюджетке түсетін жүктеменің артуын айғақтайды.  

Мемлекеттік аудит барысында: ЖАО-ның республикалық бюджеттен бөлінетін субвенцияларды пайдалануына мониторинг жүргізу және бақылау тетігінің болмауы, бюджетаралық трансферттерді бөлу тетігінің ашық еместігі, ЖТҚ-ға енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша ауытқулар анықталды.

Бұдан басқа, жергілікті бюджеттердегі жыл сайынғы қаражат қалдықтарының болуы қаржыландырудың белгіленген нәтижелеріне, сондай-ақ өңірлерге дейін ЖСТ қол жеткізілмегенін айғақтайды.

Дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалану бойынша аудит нәтижелері

Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы аудит нәтижелері бюджет қаражатын жоспарлау мен игерудегі кемшіліктер мен проблемаларды анықтады.

БЖК-2025 шеңберінде мемлекеттік көмек алуға байланысты карантиндік шаралар мен бюрократиялық рәсімдердің қолданылуын жеткіліксіз бағалаудың нәтижесінде 2020 жылғы 1 қыркүйекке 3,6 млрд. теңгенің немесе бөлінген соманың 10%-нен төмен игерілуіне әкеп соқты.

ШОБ субъектілері үшін салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты жергілікті бюджет шығындарын өтеуге арналған қаражатты жоспарлаудың тиімсіздігі республикалық бюджеттен 125,7 млрд. теңге сомасында елеулі қаражатты шамадан тыс оқшаулауға алып келді.

Дағдарысқа қарсы шараларға арналған бюджет қаражатын жоспарлау кезінде жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктер ҰЭМ-нің Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел орындау қажеттілігі жағдайында сапалы нәтижені қамтамасыз етуге дайын еместігін көрсетеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті Үкіметке, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика министрліктеріне құжаттарда ЖСТ есептеулерінің анықтамасын бекітуге, дағдарысқа қарсы іс-шараларға қаражат бөлу мәселелеріне қатысты заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға ұсынымдар берді. Сондай-ақ ЖСТ әзірлеу және айқындау кезінде ЖАО-мен өзара іс-қимыл жасау тетігін қайта қарау, бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу ұсынылды.

Есеп комитеті аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюды, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға 2 материал жіберілді.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі