2026 жылғы 2–3 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) «Аудиттегі жасанды интеллект» тақырыбында ЕВРОСАИ конференциясы өтті. Аталған іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның делегациясы қатысты.
Конференция жұмысына АҚШ, БАӘ, Израиль, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Эстония және ЕВРОСАИ-ға мүше өзге де елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері, сондай-ақ ЭЫДҰ мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Конференция барысында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында жасанды интеллект құралдарын қолдану мемлекеттік аудит жүйесі үшін стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.
Жасанды интеллект аудиторлық қызметте жаңа технологиялық, басқарушылық, кәсіби және қаржылық мүмкіндіктер ашады. ЖИ-ді пайдалану аудитті жоспарлау және жүргізу, ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу процестерін жетілдіруге, сондай-ақ аудит объектілерімен өзара іс-қимыл барысында аудиторлық іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жасанды интеллектті енгізу киберқауіпсіздік мәселелерімен, сондай-ақ деректердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге байланысты белгілі бір тәуекелдермен қатар жүретіні атап өтілді.
Конференцияға қатысушылар жоғары аудит органдары жасанды интеллект құралдарын өз қызметінде қолданумен қатар, мемлекеттік басқару жүйесінің жасанды интеллект технологияларын пайдалануға дайындығына аудит жүргізуі, сондай-ақ оларды дамытуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бағалауы қажет екенін атап өтті.
Іс-шара аясында жоғары аудит органдарының өкілдері жасанды интеллект құралдарын енгізу бойынша тәжірибе алмасып, цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту саласында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.