Есеп комитеті қызметінің нәтижелері сандық көрсеткішпен

Есеп комитеті қызметінің нәтижелері сандық көрсеткішпен

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2016 жылдан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу, квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік органдар қызметінің, Ұлттық банктің активтерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының халықаралық міндеттемелерді басқару тиімділігі сияқты әлеуметтік, экономикалық маңызды және тәуекелге бағдарланған бағыттар бойынша 98 аудиторлық іс-шара жүргізді.

Көрсетілген мерзімде аудитпен шамамен 90 трлн. теңге қамтылды. Тексерулердің қорытындылары бойынша 4 трлн-ға жуық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 700 млрд. теңге  (соның ішінде бухгалтерлік есеп – 374,4 млрд. теңге, тиімсіз жоспарлау және пайдалану –
2,5 трлн. теңге). Оның 452 млрд. теңгесі өндіріліп, бюджетке өтелді.

Көрсетілген мерзімде барлығы аудит объектілері мен мүдделі органдарға Есеп комитеті 1 906 ұсынымдар мен тапсырмалар берді, олардың 94%-і орындалды.