Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде бөлінген дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындылары (тексеру комиссияларының нәтижелері ескерілген)

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде бөлінген дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің алдын ала қорытындылары    (тексеру комиссияларының нәтижелері ескерілген)

Анықтама ретінде:

Аудитпен 482,3 млрд. теңге қамтылды, оның ішінде:

  • 282,3 млрд. теңге – республикалық бюджет қаражаты (нысаналы даму трансферттері - 90,8 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер - 191,5 млрд. теңге);
  • 200 млрд. теңге - облигациялық қарыз қаражаты.

 

Дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражат бойынша аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 87,5 млрд. теңгеге бұзушылықтар алдын ала анықталды, оның ішінде:

- 11,6 млрд. теңге – қаржылық бұзушылықтар;

- 71,6 млрд. теңге – тиімсіз жоспарлау;

- 4,4 млрд. теңге – тиімсіз пайдалану.

 

1-КЕСТЕ. Өңірлер бөлінісінде алдын ала анықталған бұзушылықтар

 

Атауы

Қаржылық бұзушылықтар, млн. теңге

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану сомасы

соның ішінде

тиімсіз жоспарлау, млн. теңге

тиімсіз пайдалану, млн. теңге

Қазақстан Республикасы

11 569,4

75 971,2

71 568,3

4 402,9

Ақмола

344,3

2,1

-

2,1

Ақтөбе

69,2

326,6

315,2

11,4

Алматы

658,8

40 743,9

39 713,7

1 030,2

ШҚО

5 990,8

3 481,4

840,9

2 640,5

Атырау

345,8

368,1

183,7

184,4

Жамбыл

5,4

4 062,1

4 034,0

28,1

БҚО

176,6

37,5

37,5

-

Қарағанды

720,2

-

-

-

Қостанай

-

-

-

-

Қызылорда

1 076,8

-

-

-

Маңғыстау

-

-

-

-

Павлодар

122,7

53,4

53,4

-

СҚО

298,0

250,0

250,0

-

Түркістан

800,7

-

-

-

Алматы қ.

50,7

26 139,9

26 139,9

-

Нұр-Сұлтан қ.

-

-

-

-

Шымкент қ.

909,3

506,2

-

506,2

           

 

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы екі көзден қаржыландырылған: республикалық бюджет қаражаты және бюджеттен тыс көздер есебінен.

«2020 жылға арналған нақтыланған бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығына сәйкес Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен 300 млрд. теңге көзделген.

Бюджет қаражатының бөлінуі «2020 жылға арналған нақтыланған бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №187 қаулысына сәйкес айқындалған.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 4 рет өзгерістер енгізілген (2020 жылғы мамырда, маусымда, шілдеде және тамызда), бұл ретте қаражат көлемі бойынша өзгерістер бір рет – 2020 жылғы маусымда енгізілген)

Есепті күнге 295,5 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде:

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ЖАО-ға нысаналы трансферттер аудару үшін 282,3 млрд. теңге көлемінде;

- Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне – 8,2 млрд. теңге;

- Қорғаныс министрлігіне – 5 млрд. теңгеге жуық.

 

2-КЕСТЕ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының бөлінуі
(2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша)

млн. теңге

Атауы

2020 жылға арналған бюджет (09.04 бекітілген)

Нақтылау / Түзету

06.05.20

19.06.20

15.07.20

15.08.20

Бюджет қаражатының көлемі, барлығы

300 000,0

300 000,0

300 000,0

300 000,0

300 000,0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

281 323,7

281 323,7

282 323,7

282 323,7

282 323,7

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

8 166 

8 166 

8 166 

8 166 

8 166 

Қорғаныс министрлігі

0

0

4 965,1

4 965,1

4 965,1

Бөлінбеген резерв

10 510,3

10 510,3

4 545,2

4 545,2

4 545,2

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша есепті кезеңде бөлінген 171 431,6 млн. теңге көлеміндегі қаражат жергілікті деңгейде 96,4%-ке игерілген (игерілген сома - 165 174,9 млн. теңге). Ең көп атқару проценті Қостанай (100%), Атырау (99,9%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (99,5%) байқалады. Батыс Қазақстан (88,5%), Қызылорда (91%), Северо-Солтүстік Қазақстан (93,5%) және Қарағанды облыстарында (93,4%) ең төмен көрсеткіштер тіркелген.        

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бойынша нашар игеру байқалып отыр – 52,8% деңгейінде (игерілген сома – 1 298,8 млн. теңге), Қорғаныс министрлігі бойынша төленген міндеттемелер жоқ (0% атқару).

 

3-КЕСТЕ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының атқарылу деңгейі
(2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша)

млн. теңге

Атауы

2020 жылға арналған бюджет (түзет.)

Есепті кезеңде бөлінгені

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Атқарылу, %

 
 

БАРЛЫҒЫ

295 454,8

173 890,2

245 335,6

166 473,7

95,7

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

(нысаналы трансферттер)

282 323,7

171 431,6

240 255,0

165 174,9

96,4

 

Ақмола

12 528,0

7 604,3

11 956,8

7 366,9

96,9

 

Ақтөбе

12 879,0

7 454,3

10 232,1

7 244,3

97,2

 

Алматы

30 402,0

16 639,2

21 182,4

16 125,0

96,9

 

Атырау

9 828,0

7 564,1

9 498,1

7 558,4

99,9

 

ШҚО

23 233,7

18 974,0

20 083,0

18 888,3

99,5

 

Жамбыл

20 637,0

11 480,2

15 198,1

11 170,0

97,3

 

БҚО

9 882,0

5 708,7

8 118,1

5 052,3

88,5

 

Қарағанды

13 667,0

5 778,4

10 405,0

5 398,7

93,4

 

Қызылорда

9 137,0

5 504,0

7 654,3

5 007,4

91,0

 

Қостанай

14 958,0

9 652,4

13 448,2

9 648,4

100,0

 

Маңғыстау

9 450,0

6 506,5

7 888,5

6 217,7

95,6

 

Павлодар

12 015,0

6 968,6

10 420,9

6 547,0

94,0

 

СҚО

8 937,0

6 844,3

8 223,9

6 397,3

93,5

 

Түркістан

36 234,0

21 907,3

31 512,5

20 845,2

95,2

 

Шымкент қ.

12 609,0

8 782,8

12 113,9

8 399,7

95,6

 

Алматы қ.

28 944,0

14 327,2

28 589,8

13 962,3

97,5

 

Нұр-Cұлтан қ.

16 983,0

9 735,5

13 729,4

9 346,2

96,0

 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

8 166,0

2 458,6

4 499,6

1 298,8

52,8

 

Қорғаныс министрлігі

4 965,1

0,0

581,0

0,0

0,0

 

Бөлінбеген резерв

4 545,2

-

-

-

-

 

 

Жұмыспен қамтудың жол картасының іс-шараларын қаржыландыру мақсатында бюджеттен тыс көздер есебінен мәлімделген 700 млрд. теңгеден 400 млрд. теңгеге 2 транш (әрқайсысы 200 млрд. теңгеден) жүргізілген (бірінші транш – 2020 жылғы 25 маусымда, екінші транш – 2020 жылғы 14 тамызда).   

Тексеру комиссияларының деректері бойынша, облигациялық қарыз есебінен тартылған 361,5 млрд. теңге 95,8%-ке игерілген (игерілген сома  – 346,4 млрд. теңге).

 

4-КЕСТЕ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыруға бөлінген бюджеттен тыс қаражаттың атқарылу деңгейі
(2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша)

млн. теңге

Атауы

2020 жылға арналған жоспар (түзет.)

Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары

Төленген міндеттемелер

Атқарылмаған сома

Атқарылу, %

 
 

Қазақстан Республикасы

700 000,0

361 456,3

346 356,2

15 100,1

95,8

 

Ақмола

32 480,0

18 048,0

18 048,0

0

100,0

 

Ақтөбе

33 390,0

19 099,4

18 623,9

475,5

97,5

 

Алматы

78 820,0

34 926,7

30 727,4

4 199,3

88,0

 

Атырау

25 480,0

8 083,0

8 033,0

50,0

99,4

 

ШҚО

54 180,0

29 410,8

28 827,2

583,6

98,0

 

Жамбыл

40 530,0

26 073,5

24 648,2

1 425,3

94,5

 

БҚО

25 620,0

10 832,2

9 102,2

1 730,0

84,0

 

Қарағанды

51 030,0

29 464,5

28 042,8

1 421,7

95,2

 

Қызылорда

26 670,0

15 307,9

14 577,0

730,9

95,2

 

Қостанай

38 780,0

22 107,9

22 018,7

89,2

99,6

 

Маңғыстау

24 500,0

12 042,6

11 983,0

59,6

99,5

 

Павлодар

31 150,0

15 784,0

15 576,7

207,3

98,7

 

СҚО

23 170,0

12 093,9

11 821,7

272,2

97,7

 

Түркістан

62 440,0

35 873,0

35 051,7

821,3

97,7

 

Шымкент қ.

32 690,0

18 028,7

17 414,6

614,1

96,6

 

Алматы қ.

75 040,0

30 367,3

29 208,0

1 159,3

96,2

 

Нұр-Cұлтан қ.

44 030,0

23 912,9

22 652,1

1 260,8

94,7

 

 

Бюджеттен тыс қаражатты атқарудың неғұрлым төмен деңгейі проценттік арақатынаста Батыс Қазақстан (84%) және Алматы (88%) облыстарында байқалады. Сонымен қатар, есепті күнге (100%) деңгейінде толық атқару Ақмола облысында тіркелді. 

Есеп комитеті мониторинг шеңберінде (2020 жылғы шілде) атап өткен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру кезіндегі жүйелік кемшіліктер сақталғанына, салалық министрлік пен өңірлер тарапынан оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілмегеніне назар аударылды, бұл аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындыларымен расталып отыр.

БІРІНШІ. Ұзақ мерзімді активтерді құруға және болашақта қаржы ағындарын генерациялауға бағытталған жобалар деңгейінің төмен болуы

Бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен 6 762 жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде 910-ы (немесе 13,5%-і) объектілерді салуға және реконструкциялауға бағытталған ұзақ мерзімді жобалар болып табылады. Қалған жобалар (5 932 бірлік немесе 86,5%-і) ұзақ мерзімді активтер құруды көздемейді.   

 

5-КЕСТЕ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі инфрақұрылымды жобалар

бірлік

Атауы

Жобалар саны, бірлік

жұмыс түрлері бойынша

құрылыс

күрделі жөндеу

орташа және ағымдағы жөндеу

реконструкция

Қазақстан Республикасы

6 762

642

1 008

4 844

268

Ақмола

334

33

65

228

8

Ақтөбе

301

76

110

91

24

Алматы

977

14

98

823

42

Атырау

63

15

34

4

10

ШҚО

817

38

67

695

17

Жамбыл

831

98

72

652

9

БҚО

178

26

102

22

28

Қарағанды

627

33

75

512

7

Қостанай

284

13

40

186

45

Қызылорда

276

28

39

183

26

Маңғыстау

148

36

4

101

7

Павлодар

228

44

100

69

15

СҚО

377

33

109

234

1

Түркістан

470

56

11

400

3

Шымкент қ.

236

25

40

165

6

Алматы қ.

216

32

28

144

12

Нұр-Сұлтан қ.

132

40

13

72

7

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

3

2

0

0

1

Қорғаныс министрлігі

264

0

1

263

0

 

Жекелеген өңірлерде осындай жобалар үлесінің төмен екендігі байқалып отыр: Алматы (5,9%), Қарағанды (6,4%), Шығыс Қазақстан (6,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (9%).

Бұдан басқа, адами капиталдың дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді экономикалық активтер мен объектілерді құру мәніне жобалардың іріктелуіне талдау жүргізу барысында экономикалық тиімділік талаптарына сәйкес келмейтін жобалардың қосылғаны анықталды (Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында халық саны аз бола тұра және елді мекеннен қашықта орналасуына қарамастан, Қарауыл ауылында А. Құнанбаев атындағы саябақ құрылысы; Алматы облысында Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында және Қарасай ауданы Қаскелең қ. Қарлығаш ш/а мектептерде үш ауысыммен оқыту проблемасы болмаса да, осы елді мекендерде 1 500 орынға арналған орта мектеп құрылысы).

ЕКІНШІ. Бір жұмыс орнын құруға жұмсалған шығындардың асырылуы.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасына сәйкес инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде бір жұмыс орнын құру құны орташа есеппен 4 млн. теңгені құрауы тиіс. Бұл ретте бірқатар өңірлерде осы көрсеткіш 5 млн. теңгеге жетеді (Солтүстік Қазақстан (4,6 млн. теңге),  Алматы облыстарында (4,8 млн. теңге),  Шымкент қ. (5 млн. теңге)). Бағдарламада бекітілген бір жұмыс орнын құру құнынан төмен көрсеткіш Жамбыл (3 млн. теңге),  Қостанай (3,6 млн. теңге) облыстарында байқалады.   

Жекелеген жобалар бойынша да осыған ұқсас құнын асыруды байқауға болады.

Мысалға, Павлодар облысында іске асырылу үстіндегі 12 жоба бойынша немесе олардың жалпы санының 5%-де бір жұмыс орнын құру құнынан асу (4,1-ден 4,4 млн. теңге дейін) тіркеліп отыр.  

Жамбыл облысында бір жұмыс орнының орташа құнын есептеу кезінде жобаларды іске асыру кезінде дене еңбегінің пайдаланылуын айтарлықтай азайтатын арнайы техника мен технологияларды қолдану факторы ескерілмеген.

ҮШІНШІ. Мердігердің міндеттемелерінде Бағдарлама талаптарының болмауы немесе ішінара бекітілуі.

Көзделген талаптар:

- жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 50%-ін ашу;

- отандық өндірушілерден 90%-тен кем емес көлемде тауарлар (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) сатып алу;

- жалақы мен көтерме ақының орташа мөлшерін кемінде 2 АЖА деңгейінде белгілеу.

Бұл нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша бағдарламаның түпкілікті мақсатына қол жеткізудегі елеулі тәуекелдер.  

 

6-КЕСТЕ. Мердігердің міндеттемелерінде Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы талаптарының сақталуы бойынша ақпарат

бірлік

Атауы

Мәлімделген жобалардың жалпы саны, бірлік

Қазақстандық қамту бойынша талаптар көзделмеген жобалар

Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру бойынша талаптар көзделмеген жобалар

Саны

Үлесі, %

Саны

Үлесі, %

 

Республика Казахстан

6 507

475

7,3

496

7,6

 

Ақмола

327

0

0

0

0

 

Ақтөбе

301

15

5

15

5

 

Алматы

977

12

1,2

12

1,2

 

Атырау

63

0

0

0

0

 

ШҚО

817

304

37,2

321

39,3

 

Жамбыл

831

0

0

0

0

 

БҚО

173

16

9,2

29

16,8

 

Қарағанды

625

1

0,2

10

1,6

 

Қостанай

283

35

12,4

34

12

 

Қызылорда

274

4

1,5

0

0

 

Маңғыстау

148

15

10,1

8

5,4

 

Павлодар

227

66

29,1

63

27,8

 

СҚО

378

0

0

0

0

 

Түркістан

470

2

0,4

4

0,9

 

Шымкент қ.

236

0

0

0

0

 

Алматы қ.

226

0

0

0

0

 

Нұр-Сұлтан қ.

151

5

3,3

0

0

 

 

Жекелеген жағдайларда Қазақстанда сол тауарлар өндірісінің болмауына байланысты мердігер ұйымдардың қазақстандық қамтумен тауарларды сатып алу бойынша міндеттемелерді орындауының объективті мүмкіндігі қарастырылмайтынын атап өткен жөн.  

Мысалға, «Астана қ. ЖЭО-1 мазутты және энергетикалық су жылыту қазандықтарын реконструкциялау» жобасы бойынша (жобалық құны 6,4 млрд. теңге) жоғары технологиялы,күрделі жабдықтың құны 5,5 млрд. теңге немесе жобалық құнның 86%-ін құрайды.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамтудың жол картасына бағдарлама қабылданғаннан бұрын іске асырылып басталған 142 жобаны (жалпы санның 2,2%-і) қосу орын алған.

 

7-КЕСТЕ. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберіндегі ауыспалы инфрақұрылымдық жобалар

бірлік

 

Атауы

Мәлімделген жобалардың жалпы саны

Өткен жылдардан ауысқан жобалардың саны

Республика Казахстан

6 507

142

Ақмола

327

15

Ақтөбе

301

2

Алматы

977

0

Атырау

63

18

ШҚО

817

15

Жамбыл

831

0

БҚО

173

10

Қарағанды

625

2

Қостанай

283

15

Қызылорда

274

0

Маңғыстау

148

14

Павлодар

227

10

СҚО

378

6

Түркістан

470

1

Шымкент қ.

236

0

Алматы қ.

226

15

Нұр-Сұлтан қ.

151

19

 

Соның салдарынан бағдарлама шарттарын сақтау бойынша мердігерлердің талаптары шарттарда көзделмеген. Есеп комитетінің бірнеше мәрте берілген ұсынымдарына қарамастан, ЖАО-ның жасасқан шарттарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүзеге асырылмайды.

Жекелеген өңірлерде жұмыспен қамту орталықтары арқылы мәлімделген көлемде жұмысқа орналастыру да күмән туғызады, себебі жергілікті жерлерде сондай мөлшерде тіркелген жұмыссыздар немесе жобаларды іске асыру үшін талап етілетін тар бейіндегі мамандар саны жоқ.

Мысалға, Екібастұз қ. жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 533 жұмыскерді тартумен 40 жобаны іске асыру мәлімделген, ал іс жүзінде тіркелген жұмыссыздардың саны 505. Сол сияқты Павлодар облысының Ертіс ауданында тіркелген жұмыссыздар 151 бірлік ізденуші бола тұра, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 213 жұмыскерді тартумен 7 жоба жоспарланған.  

ТӨРТІНШІ. Жұмыссыздардың номиналдық жұмысқа орналасуы

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың барлық мерзімінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздардың жұмысқа орналасуы туралы талаптардың жоқ екендігі байқалып отыр. Сол арқылы жоба шеңберінде адамдардың ауысуы есебінен олардың көп санын жұмысқа қабылдап, 1-2 айға дейін қысқа мерзімді кезеңге жұмыспен қамтамасыз ету есебінен жұмысқа орналасқандардың санын қолдан асыруға алғышарттар жасалған.  

Жұмыс орындарын құру бойынша мәлімделген жоспарлы мән ЖСҚ шеңберінде есептелген еңбек шығындарына деген қажеттіліктен 1 есе асатын жобаларда осы тәуекелдер еректі өзекті.

Мысалға, Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің деректері бойынша қаланың құрылыс, көлік, энергетика және ТКШ саласында құрылатын жұмыс орындарының жоспарланған саны орындалмай отыр, мұнда жоспарланған 10 515 жұмыс орнынан 6 296 жұмыс орны (немесе жоспардың 59,9%-і) құрылған.  

Мәселен, «Астана қ. станция ішінде газ таратумен жарақтандырылған, табиғи газ бен көмірді/мазутты бірлесіп жағуға арналған КВ-Т-128-150 ст.№№4÷7, ПТВМ-100 ст. №№8÷10 су жылыту қазандықтарын және Е-65-3,9-440КТ ст. №№1÷3 ТЭЦ-1 (мазутты) және энергетикалық қазандықтарын реконструкциялау» жобасы бойынша ЖСҚ-ға сәйкес жұмыс күшіне қажеттілік 62 адамды құрайды. Алайда іс жүзінде бағдарлама шеңберінде 350 адамды жұмысқа орналастыру қажет.

Сол сияқты Батыс Қазақстан облысында «Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Пятимарская, Солидарности, Нижегородская көшелері мен Орал-Саратов тас жолы арасында орналасқан 9 тұрғын үйге орамішілік өтпе жолдар салу және телефон тарту» объектісі бойынша 323 жұмыс орнын, соның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 162 жұмыс орнын құру жоспарлануд, бұл ЖСҚ бойынша мәлімделген қажеттіліктен 3 есе асады.

БЕСІНШІ. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен өзекті ЖСҚ-ның болуы бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның сақталмауы.

Мысалға, Алматы облысында -  27 млрд. теңгеге 6 білім беру объектісі («Іле ауданының Көкқайнар ауылында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы,  «Іле ауданының Тілендиев ауылында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы, «Іле ауданының Боралдау ауылында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы, «Еңбекші қазақ ауданының  Есік қаласында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы, «Қаскелең қаласының Қарлығаш шағын ауданында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы, «Жамбыл ауданының КөкқайнарҰзынағаш ауылында 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы» жобасы). ЖСҚ әзірлеуге қаражат жоспарланбаған, мемлекеттік сатып алу өткізілмеген. Барлық 6 жоба бойынша 4 800 уақытша және 1 602 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

Атырау облысында өңірдің іріктелген жобаларынан 4 жоба 0,3 млрд. теңге көлеміндегі шығындармен тиісті сараптамадан өткізілмей қосылған, Ақмола облысында – сомасы 0,3 млрд. теңгеге 18 жоба бойынша.   

ЖСҚ-ның өзекті еместігін ескерсек, жоспарлы кезеңде жобалардың қымбаттауы және іске асыру мерзімдерінің бұзылуы ықтимал.

АЛТЫНШЫ. Инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтау тәуекелдері. Мәселенің өзектілігі қаржыландырудың кеш бөлінуімен, сатып алу рәсімдерінің созылуымен және бірқатар өңірлер бойынша жекелеген жұмыс түрлерінің маусымдық факторымен (климаттық ерекшеліктер) байланысты.    

 

 

8-КЕСТЕ.  Іске асыру мерзімінің бұзылу тәуекелі бар жобалар

бірлік

Атауы

Тәуекел туындап тұрған жобалар саны

(2020 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғандар ішінен)

Қазақстан Республикасы

111

Ақмола

0

Ақтөбе

25

Алматы

3

Атырау

3

ШҚО

2

Жамбыл

0

БҚО

5

Қарағанды

47

Қостанай

4

Қызылорда

1

Маңғыстау

2

Павлодар

8

СҚО

0

Түркістан

0

Шымкент қ.

2

Алматы қ.

8

Нұр-Сұлтан қ.

1

 

ЖЕТІНШІ. Халықты жұмыспен қамтуға бағдарламаның маңызды ықпалының болмауы.

2020 жылы 6 762 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру есебінен шамамен 256 873 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның ішінде 241 404 уақытша (немесе 94%) жұмыс орны және жобалар аяқталғаннан кейін 15 469 тұрақты (немесе 6%) жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарын құрудың неғұрлым жоғары көрсеткіші 1 207 (немесе 14,5%) деңгейінде Атырау облысында жоспарланған, қалған өңірлерде тұрақты жұмыс орындарының үлесі 3,1 - 8% шегінде өзгеріп тұрады.           

Бұл жағдай нәтижелі жұмыспен қамтуды кепілдендіру арқылы еңбекке қабілетті халықты қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

 

СЕГІЗІНШІ. Жұмыс орындарын құру кезінде жастарға басымдық берудің сақталмауы.

Алматы облысында (аудит жүргізу кезінде) нысаналы топтар бойынша жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар қатарында жастар небәрі 26,3%-ті (Білім беру басқармасы бойынша 1 380 адамнан 364). Осыған ұқсас кемшілік Түркістан облысында байқалады (3 877 адамнан 1 482 немесе 38,2%). 

 

ТОҒЫЗЫНШЫ. Азаматтардың жұмысқа орналасуының анықтығын растауды тиісінше мониторингтеудің болмауы.

ЖАО-ның құрылған жұмыс орындарын есепке алуды осы мақсатпен жасалған Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ӘЕС БАЖ) сапасыз жүргізетіндігі анықталды. 

Мәліметтер кешіктіріліп, қате қалыптастырылады (шығыстар, аяқталған жобалар, жұмысқа орналасқандар саны), бұл олардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикасымен сәйкес келмейтіндігін алдын ала айғақтайды.

Есеп комитеті аудит жүргізген 113 жоба бойынша 4 329 жұмысқа орналасқан адамдар ішінен ӘЕС БАЖ дерекқорына бір жұмысқа орналасу күнімен бір жеке тұлғаны қайта енгізудің 251 фактісі бар. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды жұмыс беруші дербес жұмысқа орналастырған ретінде де, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы да орналасқан деп бір мезгілде көрсетудің 1 101 фактісі (аудит жүргізілген 226 жоба бойынша жұмысқа орналасқан 11 997 адамның ішінен) анықталды.

Бұдан басқа, жұмысқа орналасқандардың саны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар төлеумен расталмайды. Бір ғана Павлодар облысы бойынша 41% жұмыс орнының құрылуы расталмаған (11 085 жұмыс орны құрылған, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқан 6 365 адамнан 3 722-сінің зейнетақы аударымдары бар).

Мыналар ұсынылды:

  1. Бюджеттен тыс қаражаттың бөлінбеген көлемі (300 млрд. теңге) бөлігінде жобаларды үйлестіру, іріктеу бойынша функцияларды салалық мемлекеттік органдардың міндетті түрде сапалы ведомстводан тыс сараптама жүргізуімен Қаржы министрлігіне беру.
  2. Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу шарттарында Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасында көзделген мердігердің міндеттемелерін бекіту.
  3. Өңір үшін басымдылығын ескере отырып, жобаларды ұзақ мерізмді активтер құруға және болашақта қаржы ағындарын генерациялауға бағытталған жобаларға ауыстырудың ықтималдығы мәніне оларға ревизия жүргізу.
  4. Бағдарлама шарттарында жобаны іске асырудың барлық кезеңіне жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша талаптарды белгілеу арқылы халықты сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
  5. Жұмыс берушілердің зейнетақы және бюджетке төленетін өзге де міндетті аударымдар төлеуі мәніне ЖАО-ның инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасқандар бойынша есептік деректерін салыстырып тексеруді көздеу.
  6. Құрылған жұмыс орындарын мониторингілеуді жыныс-жас санаты және сұранысқа ие мамандар (мамандану) бөлінісінде жүзеге асыру.
  7. Қаржылық ден қоюдың тиісті шараларын қабылдау мүмкіндігімен Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының жобалары бойынша мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылауды қолдану.