Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың азаматтарды және ауруханаларды дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмысын тексерді. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде Жоғары аудиторлық палата тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Нәтижесінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жазалар қолданылды:
Сондай-ақ биыл 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау жұмыстары жалғасуда.