Дағдарыс кезіндегі мемлекеттік басқару және ЖИ енгізу: Жоғары аудиторлық палата ИНТОСАИ XXV Конгресіне қатысты

Дағдарыс кезіндегі мемлекеттік басқару және ЖИ енгізу: Жоғары аудиторлық палата ИНТОСАИ XXV Конгресіне қатысты

Шарм-эль-Шейх қаласында өткен ИНТОСАИ халықаралық ұйымының XXV Конгресінің жұмысы аяқталды.

Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының ресми делегациясының қатысуымен өткен Мысыр Конгресінде екі негізгі мәселе қаралды:  

– қаржы және экономикалық дағдарыстар кезінде орталық банктер мен үкіметтердің қызметін тексерудегі жоғары аудит органдарының рөлі;

– жасанды интеллект әдістерін аудитте қолдану.

Екі тақырып та қазіргі жағдайда өзекті және сұранысқа ие. Оларды егжей-тегжейлі зерттеу ИНТОСАИ кәсіби әлеуетін нығайтып, ұйымға қатысушы елдерде мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Шарм-эль-Шейх ресми Декларациясы қабылданды.

Декларацияда XXV ИНКОСАИ-дың негізгі стратегиялық басымдықтары, жетістіктері мен ұсынымдары жинақталған.

Сонымен қатар XXV Конгресс аясында «INTOSAI Future Award» және «ЖОА жас көшбасшылары» аталымдары бойынша кәсіби марапаттар табыстау рәсімі өтті. Сондай-ақ Эльмар Бштаатс пен Кими Макуэтто атындағы сыйлықтар табысталды.

Конгресс қорытындысында алдағы кезеңге арналған ИНТОСАИ Басқарма мүшелері мен аудиторларын сайлау өткізілді.

XXVI ИНТОСАИ Конгресі 2028 жылы Индонезияда өтеді.