ҚР Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің нәтижелілігін арттыру үшін жаңа механизмдер, кедендік тексерулер регламентіне өзгерістер енгізді, сондай-ақ бересіні төмендету жөніндегі шаралардың тиімділігін дәлірек бағалау үшін өзінің 2027 жылға дейінгі даму жоспарын жаңартты.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата салықтық және кедендік әкімшілендіру саласына мемлекеттік аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне талап қою мерзімдерінің аяқталу фактілерін болдырмау және салық төлеушілердің жауаптылықтан кетуіне жол бермеу үшін салықтық тексерулер жүргізу тәртібін жетілдіру тапсырылды.
Нәтижесінде жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Енді салықтық тексеру бойынша талап қою мерзімі оның нәтижелері бойынша хабарлама толық орындалғанға дейін ұзартылады. Мұндай норма қазірдің өзінде кедендік бақылау жүйесінде қолданылады.
Сонымен қатар салық рәсімдерін кешіктіруге қарсы түзетулер енгізілді:
Қаржы министрлігіне салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігін ескеру және бағалау үшін өзінің нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін де пысықтау тапсырылды.
Ведомство қыркүйекте 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жаңартылған әдістемені бекітті. Енді «Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігі» көрсеткіші салықтар, кедендік баждар, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша барлық берешек түрлерін қамтиды. Бұл бересіні төмендету бойынша жұмыс нәтижелерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қаржы министрлігі «Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізді. Енді тауарлар шығарылғаннан кейін құжаттарды тексеру мерзімі 30 жұмыс күнімен шектеледі. Бұл процесті барынша ашық етіп, тиімді басқаруға мүмкіндік береді.