Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың кезекті кезеңін аяқтады. Үшінші тоқсанда 40 маман біліктілік сынақтарынан өтті.
Сертификаттау екі кезеңнен тұрады.
1️⃣ Алдымен кандидаттар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында емтихан тапсырады. Мұнда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша білім ғана емес, сонымен қатар аудит қағидаттарын (сәйкестік, тиімділік және т.б.) түсіну деңгейі де тексеріледі.
2️⃣ Кейін үміткерлер Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар кәсіби даярлығын, жауапты шешім қабылдау және мамандықтың этикалық қағидаттарын ұстану қабілетін көрсетуі тиіс.
Нәтижесінде 15 адамға мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. Ал 25 қатысушыға объективті себептерге байланысты біліктілік берілмеді.
Жоғары аудиторлық палата кандидаттарды іріктеу сапасына ерекше мән береді. Сертификаттау қатаң әрі ашық түрде өтеді, себебі аудиторлардың кәсібилігі мемлекеттік аудит жүйесінің сенімділігіне тікелей әсер етеді.