Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша «Бәйтерек» холдингінің 2033 жылға дейінгі даму жоспарына өзгерістер енгізілді

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша «Бәйтерек» холдингінің 2033 жылға дейінгі даму жоспарына өзгерістер енгізілді

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізілді. Өзгерістер холдингтің борышын басқару тиімділігін және оның қаржылық орнықтылығын арттыруға бағытталған.

Биыл Жоғары аудиторлық палата «Бәйтерек» холдингінде және оның еншілес компанияларында мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне Холдингтің
2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарын қайта қарау және түзету ұсынылды.

Мәселен, оған:

  • борыш саясатының негізгі ережелерін;
  • борыштық жүктемені «ескертетін» көрсеткіштерді белгілей отырып борыштық орнықтылық сценарийлерін;
  • «Бәйтеректің» мемлекеттік қаражатқа тәуелділігін азайту үшін жинақталған міндеттемелерді ескере отырып «Мемлекеттік емес қарыз алу көздерінің үлесі» көрсеткішін қосу ұсынылды.

Нәтижесінде бұл өзгерістер Даму жоспарына енгізілді. Ол үшін ҚР Үкіметі 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулыны түзетіп, жаңа қаулы қабылдады.

Бұл түзетулер холдингке борышты тиімдірек басқаруға, шамадан тыс борыштық жүктеме тәуекелдерін алдын ала қадағалап отыруға және проблемалар туындағанға дейін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік емес көздерден қарыз алу үлесін бекіту мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділікті азайтып, ұзақ мерзімді перспективада компанияның орнықтылығын арттыратын болады.

Нәтижесінде мұның бәрі борыш саясатын анағұрлым ашық және теңгерімді етеді. Бұл холдингтің өзіне де, тұтастай алғанда республиканың қаржы жүйесіне де оң әсерін тигізеді.