Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік аудиторлары экология саласындағы сараптамалық-талдамалық іс-шара қорытындысын талқылады

Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік аудиторлары экология саласындағы сараптамалық-талдамалық іс-шара қорытындысын талқылады

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасының мамандары экология саласындағы сараптамалық-талдамалық іс-шара қорытындысын шығарды. Бірлескен отырыс Әзербайжан Есеп палатасы мен Қаржы министрлігінің ресми делегациясының жұмыс сапары аясында Астанада өтті.

Сараптамалық-талдамалық іс-шара екі ведомствоның ынтымақтастығын күшейту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жоспарды іске асыру аясында экологиялық аудиттің практикасы мен әдістемелерінің сапасын арттыру мақсатында екі елде қатар өткізілді.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен экологиялық аудитті жүргізудің қолданыстағы тәсілдері мен әдістемелеріне бағалау жүргізіп, оларды биологиялық әралуандықты сақтау саласында пилоттық режимде апробациялады.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимов экология саласында аудит жүргізу қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауға, экологиялық бұзушылықтармен байланысты тәуекелдерді анықтауға және экология саласындағы ұлттық және халықаралық міндеттемелердің орындалуын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Отырыс барысында екі ведомство мамандарының жұмысқа қатысты баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ өткізілген іс-шара шеңберінде түйінді тұжырымдар, проблемалық мәселелер мен шешімдер ашық талқыланды.

Іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар екі елдегі экология саласындағы мемлекеттік аудиттің әдіснамасы мен практикасын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатада Әзербайжанның Есеп палатасы мен Қаржы министрлігі өкілдерінің Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі дөтті. Қатысушылар екі елдің мемлекеттік қазынашылықтары қызметінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ бюджеттік есепке алу, блоктық бюджет және транзакцияларды бақылау мәселелерін талқылады.