Есеп комитеті қызметкерлерін CIPFA бағдарламасы бойынша оқыту басталды

Есеп комитеті қызметкерлерін CIPFA бағдарламасы бойынша оқыту басталды

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Есеп комитетінің қызметкерлерін Ұлыбританияның Сертификатталған мемлекеттік қаржы және есеп институтының (CIPFA) бағдарламасы бойынша оқыту басталды. Есеп комитетінің 17 қызметкері 2020 жылғы 5-30 қазан аралығында оқитын болады. Оқуды аяқтап, емтиханнан өткеннен кейін қатысушыларға халықаралық біліктілік беріледі.

«Бұл жоба Есеп комитеті қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде отандық аудиторлық есептерді халықаралық сарапшылардың мойындауына әкелетін аудиттегі сапалы өзгерістерге ықпал етеді», - деп атап өтті Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова.

Басты мақсат - тәуелсіз және объективті көзқарас арқылы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың біртұтас жүйесін құруға, қаржы тәртібін нығайтуға, Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.