Өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау алушыларға барынша ынталандырушы қарсы міндеттемелер белгіленді

Өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау алушыларға барынша ынталандырушы қарсы міндеттемелер белгіленді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік қолдау алушылардың қарсы міндеттемелеріне қатысты қағидаларға өзгерістер енгізді. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада өңдеу саласын дамытуға баса назар аударады. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандырудың және шикізат секторына тәуелділікті төмендетудің маңызды екенін бірнеше рет атап өтіп, өңдеу өнеркәсібін осы мақсатқа қол жеткізудің негізгі факторы ретінде көрсетті.

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауларының бірінде.

Жоғары аудиторлық палата өткен жылы мемлекет өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру арқылы индустриялық кәсіпорындарға қаншалықты тиімді қолдау көрсететінін тексерді.

Аудит барысында экспорт көлемінің ұсынылған мемлекеттік қолдау көлемінен кем болмауы керек екені жөніндегі өнім экспортына қойылатын талаптар компанияларды экспорт көлемін ұлғайтуға ынталандырмайтыны анықталды. Егер кәсіпорында қажетті көрсеткіштер болса, кредит бойынша келісім талаптарына сәйкес келу үшін оған өсуге ұмтылудың қажеті жоқ еді.

Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата қарсы міндеттемелер қағидаларын қайта қарауды тапсырды. Нәтижесінде Министрлік қажетті өзгерістер енгізді.

Түзетулер сапалы өсуді ынталандыруға бағытталған. Кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шарттарына формальды түрде сәйкес келу үшін ең төмен деңгейді ұстап қана қоймай, экспортты ұлғайту тиімдірек болады.

Бұл жағдай:

  • елдің, әсіресе өңдеу өнеркәсібінің жалпы экспорт көлемін ұлғайтуға;
  • мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені шын мәнінде дамып келе жатқан және экспортқа бағдарланған компаниялар қолдау алады;
  • жүйені нақты өндірістік көрсеткіштерге бағыттауға көмектеседі.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс бақылауда болады.