Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның үздік қызметкерлеріне ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Конституция күні – Қазақстан халқының күш-қуатын, тәуелсіздігін және бірлігін бейнелейді. Бұл мереке әр азаматымыздың құқығы мен бостандығы мемлекетіміздің басты құндылығы екенін еске салады.
Әріптестерін құттықтаған Әлихан Смайылов Конституция Республикаға ертеңгі күнге сенімділік беретінін, әділдікті қорғайтынын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететінін атап өтті.
«Ата заңымыз барша қазақстандықты бейбітшілік пен өркендеуге ұмтылыста біріктіреді. Конституциямыз әрқашан ортақ болашағымыздың берік іргетасы болсын. Мерекелеріңізбен!» – деді төраға салтанатты жиын барысында.
Мереке аясында мына қызметкерлерге мерейтойлық медальдар табыс етілді:
- Абдулов Нұрболат Сағидоллаұлы – Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаментінің бас консультанты, мемлекеттік аудитор;
- Ахмеджанова Әлия Қайроллақызы – Мемлекеттік құпиялар секторының бас консультанты;
- Аюбеков Тілеуқабыл Жантемірұлы – Заң департаментінің бас консультанты, мемлекеттік аудитор;
- Балташева Нұрсұлу Қартаевна – Жоспарлау және сертификаттау департаментінің құжат айналымын бақылау секторының меңгерушісі;
- Жаскенова Даметкен Жаскенқызы – Квазимемлекеттік секторға аудит жүргізу департаментінің бас консультанты, мемлекеттік аудитор;
- Жөлеуов Нұртаза Сабырахимұлы – Әлеуметтік салаға және құқықтық тәртіпке аудит жүргізу департаментінің бас консультанты, мемлекеттік аудитор;
- Құмар Наталья Сергейқызы – Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаментінің бас консультанты;
- Шоханова Әсем Әділқұлқызы – Сапаны бақылау және бағалау департаментінің бас консультанты, мемлекеттік аудитор;
- Мырзахметова Раушан Бауыржанқызы – Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаментінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік аудитор;
- Уақпаева Айгүл Сейітқызы – Цифрландыру департаментінің бас консультанты