«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2028 жылға дейінгі даму жоспарында қарыз алу саясатын неғұрлым ашық және болжамды ету шараларын қабылдады. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.
Биыл Жоғары аудиторлық палата «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында қарызды басқару тиімділігіне аудит жүргізді.
Нәтижесінде «ҚДБ» АҚ-ның қарыз алу саясатының стратегиялық бағыттары даму жоспарында толық көрініс таппағаны анықталды. Сондай-ақ қарыз алу үлесінің өсуін және банктің қарыздық бағалы қағаздарын әртараптандыруды бағалау үшін нақты сандық көрсеткіштер белгіленбеген. Соның салдарынан қарызды басқарудың ашықтығы мен тиімділігі төмендеуі мүмкін еді.
Осыған байланысты «ҚДБ» АҚ басшылығына 2024–2028 жылдарға арналған даму жоспарында қарыз алу саясатының стратегиялық бағыттарын толық көрсету, сондай-ақ оларды іске асыруға қажетті көрсеткіштерді (индикаторларды) енгізу тапсырылды.
Биыл 27 маусымдағы Директорлар кеңесінің шешімімен тиісті өзгерістер енгізіліп, бекітілді.
Аталған өзгерістер «ҚДБ» АҚ қарыз алу саясатын анағұрлым ашық және басқарылатын етеді. Нақты көрсеткіштердің болуы прогресті объективті бағалауға, мақсаттардың орындалуын тиімдірек бақылауға, тәуекелдерді азайту және тұрақтылығын арттыру үшін дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген өзге де тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.