Жоғары аудиторлық палатада 2025 жылдың II тоқсаны бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігін беру қорытындылары шығарылды.
Бұл кезеңде мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның екі отырысы өткізілді. Сертификат алу процесіне 37 адам қатысты.
1️⃣ Бірінші кезеңде кандидаттар тест тапсырып, ситуациялық кейстерден тұратын біліктілік емтиханынан өтеді. Емтихан бухгалтерлік есеп, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін қаржылық есептілік дайындау, сәйкестік аудиті, тиімділік аудиті және басқа да бағыттарды қамтиды.
2️⃣ Екінші кезеңде қатысушылар Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу барысында олардың кәсіптік даярлығы, құзыреттілік деңгейі, жеке қасиеттері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторлар үшін міндетті кәсіби әдеп қағидаттарына бейілділігі бағаланады.
Сертификаттау нәтижесінде 17 кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.
Сонымен қатар 17 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілмеді, тағы үш үміткерге әңгімелесуге келмеуіне байланысты берілмеді.