Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барады. Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі жоспарланған.
Іс-шара аясында өткен кезеңдегі жоғарғы аудит органдары арасындағы ынтымақтастық нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы қатар жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралады. Сонымен қатар су ресурстарына аудит жүргізу тақырыбында сессия өтеді.
Сондай-ақ жұмыс кестесіне сәйкес Әлихан Смайылов Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасымен және Пәкістанның бас аудиторымен екіжақты кездесулер өткізеді.