2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы және Оқу комитетінің 23-отырысы өтеді. Жиындар барысында жұмыс есебі, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері және ұйымның ағымдағы қызметінің өзекті бағыттары қаралады.
Іс-шараларға Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан және Түркияның жоғары аудит органдарының өкілдері мен мамандары қатысады.
ЭКОСАИ – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің жоғары аудит органдарын біріктіретін өңірлік ұйым. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы 2022 жылы ЭКОСАИ басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланды.