Екі елдің Президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барады.
Негізгі іс-шаралар:
- Әзербайжан Есеп палатасының төрағасы Вюгар Гюльмамедовпен екіжақты кездесу;
- Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасы арасында екіжақты ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы жаңартылған меморандумға қол қою;
- Әзербайжан Есеп палатасының қызметкерлеріне инвестициялық жобаларды іске асыру аудиттерін жүргізудің әдіснамалық тәсілдері бойынша семинар, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметі бойынша презентация;
- елдің мемлекеттік мұнай қорының және DOST электрондық үкімет орталығының қызметімен танысу.