Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды оқыту және сертификаттау бойынша жиі қойылатын сұрақтар

СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

1. Сертификаттаудың қандай кезеңдері бар?

Сертификаттау:

  • кандидаттың білімін растау;
  • кандидаттың Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияда (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) әңгімелесуі кезеңдерін қамтиды (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 15.12.2015 жылғы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларының 4-тармағы, бұдан әрі – Қағидалар).

2. Білімді растау туралы құжат деген не?

Бұл сертификаттаудың үш пәні бойынша біліктілік емтихандарын табысты тапсырған кандидатқа берілетін құжат. Бұл құжат кандидаттардың біліктілік рәсімінен әрі қарай өтуі үшін қажетті білімі бар екенін растайды және Ұлттық комиссияда әңгімелесуге өтініш беру үшін негіз болып табылады (Қағидалардың 28-тармағы).

3. Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін қандай пәндер бойынша емтихан тапсыру қажет?

  • Кандидат үш пән бойынша біліктілік емтиханын тапсыру қажет:
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
  • бюджет, салық заңнамасы және өзге де заңнама (Қағидалардың 12-тармағы).

4. Біліктілік емтиханында қанша тест сұрақтары мен ахуалдық тапсырмалар бар?

Емтиханда әр кандидатқа әр пәннен 30 тест сұрағы, соның ішінде тест нысанындағы 5 ахуалдық тапсырма беріледі (Қағидалардың 15-1-тармағы).

5. Біліктілік емтиханынан өтудің шекті деңгейі қандай?

Егер дұрыс жауаптардың саны тест тапсырмалары бойынша мүмкін болатын 100 пайыздың кемінде 70 пайызын құраса, кандидат әр пән бойынша біліктілік емтиханынан өткен болып есептеледі (Қағидалардың 24-тармағы).

6. Біліктілік емтиханын тапсыруға қанша уақыт беріледі?

Сертификаттаудың әр пәні бойынша біліктілік емтиханының ұзақтығы 2 сағаттан (120 минут) аспайды (Қағидалардың 22-тармағы).

7. Біліктілік емтиханын қашан қайта тапсыруға болады?

Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсыра алмаған күннен бастап 3 ай өткен соң және 2 жылдан аспайтын мерзімде қайта емтихан тапсырады (Қағидалардың 29-тармағы).

8. Біліктілік емтиханының қорытындыларымен келіспеймін, апелляцияға өтініш жаза аламын ба?

Кандидат біліктілік емтиханының қорытындыларымен келіспеген жағдайда, апелляциялық комиссияға біліктілік емтиханының қорытындылары туралы хабарланған күннен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің негізделген келіспеушілігін (нақты сұрақтардың қисынсыздығы, техникалық ақаулықтарға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері, тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері) көрсете отырып, жазбаша нысанда немесе электрондық түрде жүгінеді (Қағидалардың 32-тармағы).

9. Апелляцияға қайта өтініш бере аламын ба?

Апелляцияға қайта берілген өтініш қаралмайды (Қағидалардың 36-тармағы).

10. Барлық емтихандарды табысты тапсырғаннан кейін қандай құжат беріледі?

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған кандидатқа ведомоске қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімін растау туралы құжат береді (Қағидалардың 27-тармағы).

11. Менде кәсіби бухгалтер сертификаты бар, қандай да бір пәннен емтихан тапсырудан босату қарастырылған ба?

Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар, тиісті сертификаттардың бағыттары бойынша жұмыс істейтін кандидаттар тек «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

«Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады (Қағидалардың 14-тармағы).

12. Білімді растау туралы құжат қанша уақыт жарамды?

Білімді растау туралы құжат берілген күнінен бастап 2 жыл ішінде жарамды (Қағидалардың 28-тармағы).

13. Емтихан кезінде бұзушылық туралы акт жасалды, оның салдары қандай болуы мүмкін?

Өзіне қатысты біліктілік емтиханы рәсімінің бұзылғаны туралы акт жасалған кандидат тиісті күнтізбелік жылға арналған біліктілік емтихандарының кестесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін оны қайта өтеді (Қағидалардың 19-тармағы).

14. Мемлекеттік аудитордың біліктілігіне оқытудың ұзақтығы қандай?

250 академиялық сағат.

15. Оқыту форматтары қандай?

Офлайн немесе онлайн.

16. Емтихандарды басқа қаладан онлайн тапсыруға болады ма?

Емтихандарды тек офлайн режимде, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс мекенжайы бойынша тапсырады.

17. Жеке тұлғалармен оқу шартын жасау үшін қандай құжаттар қажет?

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

18. Оқу материалына қалай қол жеткізуге болады?

Кандидатқа gosaudit.kz алаңына тіркелу арқылы MOODLE жүйесінде оқыту материалдарына 1 жыл мерзімге қол жеткізу ұсынылады.

19. Білімді растауға қатысу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

  • Кандидат білімін растауға қатысу үшін «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-не мынадай құжаттарды:
  • Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат тапсыруға үміт білдірген біліктілік емтиханы көрсетілген өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады (Қағидалардың 8-тармағы).

20. Емтихан нәтижелерін қалай және қашан білуге болады?

cifntest.oes.kz ақпараттық тестілеу жүйесі емтихан аяқталғаннан кейін бірден тестілеу нәтижесін автоматты түрде шығарады.

21. Білімді растау рәсімінің құны қандай?

Білімді растау «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС базасында компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі (Қағидалардың 5-тармағы).

Бекітілген баға прейскурантына сәйкес, біліктілік емтихандарын алғаш тапсыру құны 16 000 теңгені, қайта тапсыру құны – 24 000 теңгені, үшінші және әрбір кейінгі тапсыру құны – 32 000 теңгені құрайды.

22. Біліктілік емтихандарының кестесін қайдан білуге болады?

Біліктілік емтихандарын өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін Жоғары аудиторлық палатамен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС айқындайды және cifn.kz интернет-ресурсында орналастырады.

23. Емтихан тапсыру кезінде қандай шектеулер бар?

Электрондық құрылғыларды (соның ішінде мобильді телефондар) алып кіруге, сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және цифрлық жеткізгіштердегі ақпаратты алып шығуға, байқаушылардың еріп жүруінсіз шығуға жол берілмейді.

Кандидат осы талаптарды бұзған жағдайда кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады, ал біліктілік емтиханының қолда бар аралық нәтижелерінің күші жойылады. Байқаушылар біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт жасайды (Қағидалардың 18-тармағы).

Өзіне қатысты біліктілік емтиханы рәсімінің бұзылғаны туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін оны қайта өтеді (Қағидалардың 19-тармағы).

24. Біліктілік емтихандарын тапсырудан босату қалай жүзеге асырылады?

Емтихан тапсырудан босату «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-нің ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби сертификаттарды, тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды берген тиісті ұйымдардан алынған растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде Жұмыс органының (Жоғары аудиторлық палатаның) шешімі бойынша жүзеге асырылады (Қағидалардың 14-тармағы).

25. Білімді растау туралы құжатты қалай алуға болады?

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС ведомоске қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде білімді растау туралы құжат береді (Қағидалардың 27-тармағы).

СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

26. Сертификаттау қандай деңгейлер бойынша жүзеге асырылады?

Мемлекеттік аудитор; жоғары санатты мемлекеттік аудитор (Қағидалардың 3-тармағы).

27. Ұлттық комиссияда әңгімелесуге қандай жұмыс өтілі талап етіледі?

Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге:

  • мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде аудит жүргізумен байланысты бағыттар бойынша (талдамалық, әдіснамалық, сапаны бақылау, заң тұрғысынан сүйемелдеу);
  • және (немесе) бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті, салықтық әкімшілендіруді, бюджетті, мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік сатып алуды болжауды, жоспарлауды және орындауды жүзеге асыруға байланысты экономикалық, қаржы салаларында, сондай-ақ аудиторлық қызметте;
  • және (немесе) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және (немесе) заң тұрғысынан сараптауға байланысты құқықтық салада;
  • және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
  • және (немесе) кемінде 2 жыл ішкі мемлекеттік аудитор немесе мемлекеттік аудитордың ассистенті жұмыс тәжірибесі бар кандидат жіберіледі (Қағидалардың 40-тармағы).

28. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін Ұлттық комиссияда әңгімелесуге қандай жұмыс өтілі талап етіледі?

Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 жыл бойы жұмыс істейтін кандидат жіберіледі (Қағидалардың 41-тармағы).

29. Сертификаттауға қандай білім талап етіледі?

Экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) және (немесе) цифрлық технологиялар бағытындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Қағидалардың 38-тармағы).

30. Ұлттық комиссияда әңгімелесуге құжаттарды қалай тапсырады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін кандидат Негізгі талаптардың тізбесінің (Қағидаларға 1-қосымша, бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағында көрсетілген келесі құжаттарды «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы жібереді:

1) жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың қосымшаларымен бірге көшірмесі;

2) Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат.

Қажет болса, көрсетілетін қызметті алушы функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды қоса береді;

3) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

4) «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС берген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;

5) жеке деректерін өзгертуі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3x4 көлеміндегі фотосурет (жеке іске).

Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар жоғарыда көрсетілген құжаттармен қоса келесі құжаттарды жібереді:

7) мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;

8) талап етілетін халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі;

9) соңғы 2 жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесінің көшірмесі;

10) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның қолы қойылған, кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттерін сипаттай отырып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетілген мінездеме.

Барлық құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қолымен және мөрімен (болған жағдайда) және (немесе) мөртабанымен расталған не нотариат растаған нысанда ұсынылады.

31. Құжаттарды қарастыру мерзімі қандай?

Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда ол Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберіледі және көрсетілетін қызметті беруші өтініштің тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде оған Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберу туралы хабарламаны «цифрлық үкіметтің» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы жібереді (Қағидалардың 51-тармағы).

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін оған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді хабарлайды (Қағидалардың 46-тармағы).

32. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қандай?

6 ай ішінде (Тізбенің 4-тармағы).

33. Кандидаттар тізімі қалай қалыптасады және әңгімелесуге қашан шақырады?

Көрсетілетін қызметті алушылардың кезектілігі олардың өтініштерінің тіркелген күні мен нөміріне қарай айқындалады (Қағидалардың 52-тармағы).

Көрсетілетін қызметті беруші әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесудің өтетін орнын, күнін және уақытын көрсете отырып, әңгімелесуге жіберілген адамдардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады және көрсетілетін қызметті алушыға Ұлттық комиссияның отырысына шақыру туралы хабарламаны «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы «жеке кабинетіне» жібереді (Қағидалардың 53-тармағы).

34. Ұлттық комиссияның нәтижелерін қайдан білуге болады және сертификатты қалай алуға болады?

Ұлттық комиссияның шешімі әңгімелесу аяқталған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылады (Қағидалардың 58-тармағы).

Жұмыс органы сертификатты Ұлттық комиссияның шешіміне қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде береді. Қағаз жеткізгіштегі сертификат көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі (Қағидалардың 61 және 62-тармақтары).

35. Ұлттық комиссияға келмеген жағдайда не болады?

Оның өтініші қараусыз қалады және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жатады (Қағидалардың 54-тармағы).

36. Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтпеген жағдайда, қайта қашан өтініш беруге болады?

Ұлттық комиссияда өткен әңгімелесу қорытындысы бойынша теріс нәтиже алған көрсетілетін қызметті алушы білімді растау туралы құжаттың қолданылу мерзімі ішінде осы шешім қабылданған күннен бастап 6 ай мерзім өткен соң мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта тапсырады (Қағидалардың 60-тармағы).

37. Сертификат жоғалған немесе бүлінген жағдайда не істеу қажет?

Жоғары аудиторлық палатаның кеңсесі арқылы телнұсқа алу туралы өтініш жолдау қажет. Телнұсқа көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне телнұсқа беру туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде «телнұсқа» деген мөртаңба қойып беріледі (Қағидалардың 64 және 65-тармақтары).

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы