Мемлекеттік аудит 2020 жылғы 01 қаңтар мен 2022 жылғы 30 маусым аралығында жүргізілді.
Аудитпен 20,7 млрд. теңге сомасында қаражат қамтылды. Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
1) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 571 млн. теңгені құрады;
2) ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы 1 292 млн. теңге;
3) 15 бірлік мөлшеріндегі рәсімдік бұзушылықтар;
4) жүйелік кемшіліктер-7 бірлік.
Аудит келесі бұзушылықтарды анықтады:
- директорлар кеңесі тексерілетін кезеңдегі Жалғыз акционерге қызметі туралы есеп ұсынбады;
- «Тобыл» ӘКК ресми интернет-ресурсында Қоғамның қызметі туралы ақпарат толық көлемде ұсынылмаған, атап айтқанда корпоративтік басқару кодексінде көзделген ақпарат жоқ;
- тексерілетін кезеңде корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалау жүргізілген жоқ;
- қоғам 2020 жылға арналған даму жоспарының іске асырылуына бағалау жүргізген жоқ;
- 153 млн. теңге сомасына мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы белгіленді, «Қостанай қаласында Агроөнеркәсіптік парк салу» 136 млн. теңге және «Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында бокс мектебін салу» 17 млн. теңге жобалары бойынша мемлекеттік сараптаманың қолданылу мерзімі аяқталды;
- сот шешімі бойынша дебиторлық берешекті есептен шығаруға байланысты «Тобыл» ӘКК-ның жіберіп алған пайдасының көлемі 204 млн. теңгені құрады, 2022 жылғы 30 маусымдағы ықтимал шығындардың сомасы 983 млн. теңгені құрайды;
- «Әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жедел қорын қалыптастыру» қаржы-экономикалық негіздемесінде көзделген мақсаттар бойынша 418 000,0 мың теңге сомасына мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану белгіленді;
- жобалардың бірі бойынша дивидендтер мөлшерін қысқарту нәтижесінде «Тобыл» ӘКК-ның жіберіп алған пайдасының көлемі 104,9 млн. теңгені құрады;
- Қоғамды дамыту тұрғысынан қоғамның алдына қойылған міндеттер көрініс таппады;
- даму жоспарында тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері көзделмеген;
- даму жоспарының орындалуы туралы есепті толтыру кезінде Қоғам дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша деректердің дұрыс толтырылмауына жол беріледі;
- 2021 жылы жекелеген көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндерге қол жеткізілмегені анықталды;
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына 21 инвестициялық жобаның (немесе 34 жобаның 61,8%-ы) іске асырылуы оң әсер етті. Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмыс орындары құрылды, өнім өндірісі жүзеге асырылуда және жобалар бойынша қойылған әлеуметтік міндеттерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, 13 инвестициялық жоба (немесе 34 жобаның 38,2%) бойынша келісімшарттар мен жұмыс бағдарламаларында көзделген жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу қамтамасыз етілмеген, оның ішінде:
- келісімшарттың қолданылуын тоқтату немесе ұзарту, доғаруда болу себебінен – 3 жоба («Елтай-4» кен орнында темір кендерін өндіру», «Амангелді ауданындағы «Орловское» кен орнында қоңыр көмір өндіру», «Қостанай облысындағы «Алешинское» кен орнында темір кендерін өндіру»);
- үлесті сату себебінен -3 жоба үлесті сату себебі бойынша-3 жоба («Құсмұрын» кен орнының № 2 қимасында қоңыр көмір өндіру», «Қостанай облысындағы Эгинсайское алаңында қоңыр көмір барлау», «Эгинсай кен орнында қоңыр көмір өндіру»);
- банкроттыққа, серіктестің таратылуына, сондай-ақ сот шешімі негізінде берешекті өндіріп алуға байланысты-7 жоба («Қостанай қаласында майлы дақылдар тұқымынан май өндіру», «Ұзынкөл ауданында сүтті өңдеу бойынша сервистік-дайындау орталығын ұйымдастыру», «500 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын құру», «Затобол кентінде көп қабатты тұрғын үй құрылысы», «Күнбағыс майын өндіру» («Анвина»ЖШС) және «Қостанай қаласында киізден жасалған аяқ киім өндірісі»).
Осылайша, 13 инвестициялық жобаның жабылуы немесе іске қосылған жобалардың жалпы санының 40% - ға жуығы, құрылған жұмыс орындарының болмауы, өнім шығаруды немесе өндіруді жүзеге асырмау, сондай-ақ салық аударымдарының болмауына байланысты осы инвестициялық жобалардың, сондай-ақ күрделі салымдардың тиімсіз және орынсыз іске асырылуы туралы қорытынды жасау қажет.