«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.06.2026 - 17.06.2026
Қабылдау 1 этап: 16.06.2026- 17.06.2026
Қабылдау 2 этап: 18.06.2026
Практикалық бағалау: 19.06.2026
Анықтама телефоны: 87142568830
D-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің
табыстарын және активтерінің пайдаланылуын аудит бөлімінің бас маман
мемлекеттік аудитордың ассистенті, D-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес
сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысу;
Мемлекеттік аудит объектілері бойынша бұзушылықтарды талдау және
жүйелеу;
Аудит жоспарын, бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, тапсырманы,
бақылау өлшемін (қарау) актісін, анықталған бұзушылықтар тізілімін жасау;
Құзыретіне сәйкес ВАЖ-ге аудиторлық іс-шаралардың негізгі
көрсеткіштерін енгізу;
Мемлекеттік аудит материалдарын уақтылы іске асыру;
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы
қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар
беру;
Бөлімге жүктелген міндеттер шегінде аналитикалық жазбалар,
анықтамалар, ақпараттар жасау;
Тексеру комиссиясының отырысын дайындауға және өткізуге қатысу;
Жүргізілген аудиторлық іс-шара шеңберінде сот, мемлекеттік органдар
мен өзге де ұйымдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру;
Бөлімнің аудиторлық іс-шараларын талдамалық және ақпараттық
сүйемелдеу, сұрау салуларды, хаттарды және қызметтік жазбаларды дайындау;
Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған тексеру комиссиясы
шешімдерінің орындалуын мониторингілеу;
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама
талаптарының
орындалуын
қамтамасыз
ету,
тексеру
комиссиясы
қызметкерлерінің тарапынан жол берілген, белгілі болған әрбір сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайы туралы, сондай-ақ сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында оған және
тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жүгінудің барлық жағдайлары
туралы тексеру комиссиясы төрағасының назарына жеткізу;
Бекітілген жоспарға сәйкес тексеру комиссиясының қызметкерлеріне
техникалық оқыту жүргізу;
Басшылықтың тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент,
халықаралық құқық, құқықтану, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит,
экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару,
құқықтану, халықаралық құқық, экономика, менеджмент, есеп және аудит,
қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, мемлекеттік
аудит, информационные технологии, информационные технологии
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы
Дата публикации
12 июня 2026