Аудитпен қамтылған жалпы сома 5 505 374,2 мың теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік аудит объектілері актілерінің талаптарын бұзудың жалпы сомасы 4 824 805,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 6 406,0 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны – 2 842,9 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны – 3 563,0 мың теңге;
2) бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау – 3 679 662,5 мың теңге;
3) бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану – 1 138 736,6 мың теңге;
4) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 43 бірлік.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – АӘК-ні заңсыз тағайындаумен, қызметкерлермен бухгалтерлік есеп пен есеп айырысуды бұзумен байланысты 402,5 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. 41 447,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және 5 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде АӘК-ні заңсыз тағайындау және төлеу, бухгалтерлік есепті бұзу, демалыс өтемақысын есептеу кезінде, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталды. Аудит материалдары Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді, қарау нәтижелері бойынша 1 әкімшілік хаттама жасалды.
«Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ – 1 261,5 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, АӘК негізсіз төлеу фактілері, жалақыны есептеу және шығыстарды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар анықталды. 11 270,8 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 140 740,1 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау белгіленді. 12 рәсімдік бұзушылықтар, оның ішінде АӘК негізсіз төлемдері, жалақыны есептеу кезіндегі бұзушылықтар, растайтын құжаттарсыз шығыстарды төлеу, автокөлік пен бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алуды бұзу. Аудит материалдары Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің департаментіне және Қостанай облысы Әділет департаментіне жіберілді. Қарау нәтижелері бойынша 4 әкімшілік хаттама жасалды.
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – демалыс төлемдерін есептеуге, бухгалтерлік есепке алуға және АӘК тағайындауға байланысты 1 049,5 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. 298 410,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және 5 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде демалыс төлемдерін есептеу, бухгалтерлік есепті жүргізу кезіндегі бұзушылықтар, АӘК заңсыз тағайындау, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және бюджеттік бағдарламалар бойынша есептілік анықталды. Аудит материалдары Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне берілді. Қарау нәтижелері бойынша 2 әкімшілік хаттама жасалды.
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 3 568,1 мың теңге сомасында еңбекақы төлеуге және бухгалтерлік есеп жүргізуге байланысты қаржылық бұзушылықтар анықталды. 775,8 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 158 373,7 мың теңге сомасына тиімсіз жоспарлау, сондай-ақ 15 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде жалақы мен демалыс төлемдерін есептеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік сатып алуды бұзу кезіндегі бұзушылықтар фактілері анықталды. Аудит материалдары Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді, қарау нәтижелері бойынша 7 әкімшілік хаттама жасалды.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – қызметкерлерге демалыс және өзге де төлемдерді артық төлеу салдарынан 124,4 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. 39 836,7 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және 4 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде жалақы мен демалыс төлемдерін есептеу кезіндегі бұзушылықтар, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырудағы бұзушылықтар анықталды.
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ – қаржылық бұзушылықтар анықталған жоқ. Сонымен қатар, 3 000 855,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және жастарға микрокредит беру жөніндегі шараларды іске асыруға және жекелеген бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға байланысты 1 126 690,0 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. 2 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға байланысты бұзушылықтар, бюджеттік бағдарламалардың жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізбеу анықталды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді алушыларға сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша жекелеген қызметтердің қолжетімділігіне, электрондық сервистерді пайдалануға және әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларымен қамтуды кеңейту қажеттілігіне байланысты ұйымдастырушылық сипаттағы жекелеген мәселелердің болуы анықталды. Атап айтқанда, мамандандырылған көлік санын ұлғайтуды қоса алғанда, инватакси қызметінің қолжетімділігін кеңейту қажеттілігі атап өтілді.
Аудитпен инватакси қызметтері тек Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный, Жітіқара қалаларында және Қостанай ауданында ұйымдастырылғаны анықталды, ал облыстың қалған аудандарында мүгедектігі бар адамдар үшін мамандандырылған көлік қызметтері жоқ, бұл олардың ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін қолжетімділігін шектейді
Сондай-ақ аудитте халықты әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жүйелі кемшіліктер анықталды. Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың толық интеграцияланбауына, мемлекеттік қолдау алушылардың мүліктік және әлеуметтік жағдайын объективті бағалау үшін қажетті жекелеген мәліметтердің болмауына, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды мониторингілеудің, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларын есепке алудың және оңалтудың техникалық құралдарын ауыстыру мерзімдерін бақылаудың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты ӘЕС БАЖ және «Е-Собес» ААЖ ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуіндегі кемшіліктер анықталды.
Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын ұсынудың қолданыстағы тетіктерінің санаторлық-курорттық емдеу кезінде бюджет қаражатын резервтеуге және пайдаланылмаған міндетті гигиеналық құралдарды қайта есептеу не қайтару тетігінің болмауына байланысты кемшіліктері анықталды.
Сондай-ақ, еңбек нәтижелері бірдей болған кезде, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу бағдарламасына қатысушыларға қайта микрокредит берудің жұмыс істеп тұрған тетігі болмаған кезде қызметкерлердің демалыс төлемдерінің мөлшерінің айырмашылығына әкеп соғатын орташа жалақыны есептеу тәртібінің кемшіліктері анықталды.
Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, ӘЕС БАЖ және «Е-Собес»ААЖ ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша заңнаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жіберілді.