Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы

Қостанай облысында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында қызмет жүзеге асыратын 6 объект қамтылды. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 5 505 374,2 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік аудит объектілері актілерінің талаптарын бұзудың жалпы сомасы 4 824 805,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 6 406,0 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны – 2 842,9 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны – 3 563,0 мың теңге;

2) бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау – 3 679 662,5 мың теңге;

3) бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану – 1 138 736,6 мың теңге;

4) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 43 бірлік.

Аудит барысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, жалақы мен еңбек демалысы төлемдерін есептеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, бюджет қаражатын жоспарлау және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталды.

Жекелеген фактілер бойынша аудит материалдары уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде инватакси қызметінің қолжетімділігін кеңейту қажеттілігі анықталды. Аудит барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған көлік қызметтері облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылмағаны, бұл ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін аталған қызметтің қолжетімділігін шектейтіні анықталды.

Сондай-ақ ЕИС СТС және «Е-Собес» ақпараттық жүйелерінің жұмысында, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жекелеген тетіктерінде жүйелі кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктер мемлекеттік қолдау алушылар туралы мәліметтердің толықтығына және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне әсер етеді.

Аудит нәтижелері бойынша әлеуметтік қолдау саласындағы заңнаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленіп, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жолданды.

Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері туралы баспасөз хабарламасы
Дата публикации
12 июня 2026