Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау

Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов пен Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режепов арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар сарапшылық деңгейде үйлестіруді нығайтуға және серіктестік қағидаттарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Энергетикалық диалог аясында күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге жүйелі түрде қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Практикалық қадамдардың бірі ретінде бірлескен сараптамалық жұмысшы топ құру бастамасы қолдау тапты, бұл кәсіби ынтымақтастықтың тұрақты механизмін қалыптастыруға және өзара қабылданатын шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап әріптестікті нығайтуға ниетті екенін растады және диалогты барлық деңгейде – өзара құрмет, прагматизм және сенім негізінде одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.