Мұнай-газ саласы квалификациялық стандарттарды жаңартуда: жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Мұнай-газ саласы квалификациялық стандарттарды жаңартуда: жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Салалық кеңестің кәсіби біліктілік бойынша Жұмыс тобының «Мұнай мен газды қайта өңдеу және өткізу» бағыты бойынша алғашқы отырысы өтті.

Іс-шара ҚР Энергетика министрлігі тарапынан 2025 жылға жоспарланған салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды жаңарту жөніндегі кешенді жұмыстың бір бөлігі болды.

Жиынға қатысқан ұйымдар:

ҚР Энергетика, Ғылым және жоғары білім министрліктері;

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жанындағы Ұлттық біліктілік органы (ҰБО);

ҚР ЭМ жанындағы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ

Ірі мұнай-химия және қайта өңдеу кәсіпорындары, жоғары оқу орындары мен колледждер.

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрайымы Ляззат АХМҰРЗИНА:

«Бүгінгі таңда білім беру жүйесі, кадр саясаты мен нақты өндірістік талаптар арасында берік көпір орнату бұрынғыдан да маңызды», деп атап өтті.

Аналитикалық брифинг барысында

ҚР Энергетика министрлігінің мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары Талғат Мақуов;

Мұнай-газ химия өнеркәсібі басқармасының басшысы Ақнұр Жиенбаева баяндама жасады.

Олар өндірістік үдерістер трансформациясына сай келетін икемді біліктілік жүйесінің маңыздылығын атап өтті.

ҰБО 2030 жылға дейін Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығынан кәсіби стандарттар жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жөніндегі жол картасын ұсынды. СТО «Мұнай мен газды қайта өңдеу және өткізу» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңбері (СБШ) жобасын соңғы жылдардағы талдаумен бірге таныстырды.

Сондай-ақ қатысушылар Ұлттық біліктілік шеңберінің құрылымы, деңгейлік дескрипторлар және кәсіби біліктіліктердің функционалдық картасы туралы пікір алмасты. Бұл құрал кәсіби құзыреттерді білім беру мазмұнымен және жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс тобы 3 күнге жалғасады. Күн тәртібінде — СБШ деңгейлері бойынша біліктілік картасын келісу. Бұл болашақ кәсіби стандарттарды әзірлеудің негізі болмақ.