Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 1932 жылы дүниеге келген тыл еңбеккері Илья Амбарцумович Давтянды шын жүректен құттықтап, оған алғыс пен терең құрметін білдірді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Илья Амбарцумович жасөспірім бола тұра, қажырлы еңбек пен Отанға адалдық танытып, Жеңіске өз үлесін қосты. Соғыс кезіндегі ауыр жағдайларға қарамастан, оның тылдағы ерен еңбегі табандылық пен патриотизмнің жарқын үлгісіне айналды.
«Сіз секілді азаматтардың арқасында соғыстың ауыр сынақтары еңсерілді. Сіздің тылдағы еңбегіңіз – бұл халық жадында мәңгі сақталатын ерлік», – делінген құттықтау хатта.
Энергетика министрлігі Илья Давтян сияқты ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін тарихтың тірі куәгері әрі болашақ ұрпаққа өнеге боларлық тұлғалар ретінде ерекше құрметтейді.