ҚР Энергетика министрлігі Бақытжан Таубаевты жаңа қызметімен құттықтады

ҚР Энергетика министрлігі Бақытжан Таубаевты жаңа қызметімен құттықтады

ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің бұрынғы директоры Бақытжан Рыспекұлы Таубаевты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ол «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі бірлескен басқарушы директоры қызметіне кірісті.

Министр Ерлан Ақкенженов кездесу барысында Бақытжан Рыспекұлына ұзақ жылғы еңбегі мен газ өнеркәсібін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін алғыс айтып, мұнай-газ кешенін өркендетуге қосқан үлесі үшін арнайы ведомстволық медальмен марапаттады.

«Бақытжан Рыспекұлы – кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мен стратегиялық көзқарасы айқын басшы. Оның жетекшілігімен газ саласында бірқатар маңызды бастамалар табысты жүзеге асырылды. Алдағы жаңа қызметінде де зор жетістіктерге жететініне сенімдіміз», – деді министр.

ҚР Энергетика министрлігі ұжымы Бақытжан Рыспекұлына шын жүректен алғыс білдіре отырып, алдағы қызметінде табыс, тың идеялар мен нәтижелі жұмыс тілейді.