ҚР Энергетика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

ҚР Энергетика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті

ҚР Энергетика министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істері жөніндегі аға офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Ж. Ж. Жылқышиеваның шақырылуымен Министрліктің барлық аумақтық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін бейнеконференциялық байланыс режимінде қоса отырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі
Ж.Ж. Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетті, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын шешу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілетін жаңашылдықты түсіндірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі, бөлімшелерде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде уақтылы шаралар қабылдау туралы қорытындыланды және Энергетика саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде Министрліктің сындарлы ынтымақтастыққа дайындығы атап өтілді.