Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру

Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
(бұдан әрі – Министрлік) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3-тармағына сәйкес 2025 жылы Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) қуатты 2640 МВт қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 25 сәуір 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша 2025 жылғы 12 мамыр сағат 15:00.

Тендер «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20  ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес өткізіледі.

Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/832524?lang=kz).

Тендерге қатысуға өтінімдер Қағидаларға сәйкес рәсімделеді және мына мекенжай бойынша беріледі:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы 19, А блогы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

Байланыс үшін: 8 (7172) 78 97 37, 8 702 335 44 48

                            8 (7172) 78 97 53, 8 708 758 72 87