2025 жылғы 28 ақпанда 10 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізуге берілген өтініштер негізінде аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама орналастырылды
http://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/805565?lang=kk
Аукционға 11 жер қойнауы учаскесі шығарылды.
Аукционға қатысуға өтініштер 2025 жылғы 28 сәуірдегі сағат 23:59 дейін қабылданады.
Хабарламада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады.
Осыған байланысты, Жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (сілтеме: www.e-kazyna.kz).
Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі Кодексінің 93-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы) көзделген.
Осылайша, осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланады.
Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.