Жергілікті қамтуды дамыту: Алматы облысының өндірістік әлеуетімен танысу

Жергілікті қамтуды дамыту: Алматы облысының өндірістік әлеуетімен танысу

2025 жылғы 17 сәуірде Энергетика министрлігі ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамытудың және қазақстандық компанияларды қолдаудың тиімді жүйесін құруды қамтамасыз етуде жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде

отандық тауар өндірушілердің өндірістік мүмкіндіктерімен танысу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Өкілетті органмен және Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. өкілдерімен бірлесіп Алматы облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды.

Кәсіпорындарға бару машина жасау өнімдерінің, оның ішінде металл конструкциялары, резервуарлар мен түрлі мақсаттағы модульдерінің кең ассортименті бар Қарасай машина жасау зауытынан басталды. Сапар барысында қатысушылар жабдықтар өндірісінің технологиялық процестерімен және кәсіпорынның мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Одан кейін желдеткіш жабдықтары мен өнеркәсіптік жүйелерді жасайтын жетекші қазақстандық өндіруші болып табылатын Алматы желдеткіш зауытында болды. Зауыттың заманауи өндірістік базасы мен сертификатталған өнімі бар.

Зауыттар басшылығымен кездесу барысында ағымдағы қызмет, өндірістік әлеует, зауыттарды индустриялық дамыту перспективалары, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобалар бойынша одан арғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Зауыттардың өндірістік нысандарымен танысу елдің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен мұнай-газ секторы арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін кезекті қадам болады.