Энергетика вице-министрі А. Ж. Жамауов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі А. Ж. Жамауов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Түркістан, 2025 жылғы 31 наурыз - Өңір тұрғындарымен кездесуде Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов өңірдің отын-энергетикалық кешенінің жұмысын қорытындылап, оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Кездесу барысында аймақты энерго ресурстармен қамтамасыз ету, инфрақұрылымның сенімділігін арттыру, сондай-ақ өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, газбен жабдықтауды дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, электр желілерін жаңғырту және облыстың энергетикалық әлеуетін нығайту басты назарда болды. Өңірдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында қайта өңдеу секторына инвестициялар тарту жөніндегі бастамалар қаралды.

Әлібек Жамауов отын-энергетика кешеніне қатысты мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
“Біз өңір энергетикасының тұрақты дамуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық өсімді ынталандыруға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту – біздің басты мақсатымыз, сондықтан біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз,” – деді Әлібек Жамауов.
Ол сондай-ақ туындайтын проблемаларды жедел шешуге көмектесетін халықпен белсенді диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтарға қабылдау өткізді.

Кентау ЖЭО-дағы 8 қазандықтың 6-уын жаңғырту аяқталып, биылғы жылыту маусымында жылумен қамтамасыз ету тұрақты болды, халық тарапынан шағым түспеген.

Қабылдауға келген Кентау қаласының тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында алдағы уақытта жұмыс өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жақсартуға, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру үшін жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталатыны атап өтілді.