2025 жылғы 24 наурызда Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиясмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастық стратегиясын және Ұйым аясында қабылданған өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асырудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары, оның ішінде мүше мемлекеттердің энергетикалық өтпелі кезеңді жүзеге асыру және энергоинновацияларды енгізу жөніндегі күш-жігерін қолдау мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Бас хатшы сұхбаттасын ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, соның ішінде салалық ынтымақтастық механизмдерінің тиімділігі мен практикалық қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар жайында хабардар етті.