Жезқазғанда жаңа бу-газдық қондырғы құрылысының капсуласы салынды

Жезқазғанда жаңа бу-газдық қондырғы құрылысының капсуласы салынды

2025 жылғы 5 наурызда Жезқазған қаласында «Kazakhmys Energy» ЖШС жылу электр орталығында қуаты 75 МВт жаңа бу-газдық қондырығы құрылысы басталуына орай капсуланы салу салтанатты рәсімі өтті. Аталған жоба өңірді тұрақты энергиямен жабдықтау және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуда маңызды орын алады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының энергетика Вице-министрі                 С.Қ. Есімханов, жергілікті атқаруші билік және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшылығы қатысты.

Табиғи газбен жұмыс жасайтын бу-газдық қондырғы электр энергиясын өдіру тиімділігін едәуір арттырады, қоршаған ортаға зиянды заттар шығаруды төмендетеді және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Жоба өңірдің энергетикалық жүйесін жаңғыртуға және өнеркәсіпті тұрақты дамытуға бағытталған.

Жезқазған жылу электр орталығын аралау кезінде Вице-министр сонымен қатар станцияның ағымдағы жылыту маусымын тұрақты өтуін,   негізгі қондырғыларды реконструкциялау жұмыстарын тексеріп баға берді.