Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі инфрақұрылымда полимерлік құбырларды қолдану мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі инфрақұрылымда полимерлік құбырларды қолдану мәселесін талқылады

Бүгін Polytech Astana зауытында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен KMG PetroChem ұйымдастырған көшпелі кеңес өтті. Кеңеске ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов қатысып, полимерлерді қайта өңдеуді дамыту және заманауи шешімдерді инфрақұрылымдық жобаларда қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр заманауи полимерлік шешімдерді құрылыс пен инженерлік желілерді жаңғыртуда қолдану олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға, пайдалану шығындарын қысқартуға және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол өндірістік әлеуеті жеткілікті отандық өндірушілерге қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Негізгі шешімдер:

  • Отандық өндірушілерді ынталандыру және оларды мемлекеттік сатып алуларға қатысуға қолайлы жағдай жасау механизмдерін әзірлеу.
  • Полимерлік құбырлардың сапасын бақылау шараларын күшейту және жалған өнімдермен күресу.
  • Ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттарды енгізуді қарастыру, бұл тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, бағаның құбылуын азайтады.
  • Полимерлік құбырлардың артықшылықтары туралы мемлекеттік тапсырыс берушілер мен өндірушілердің хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен семинарлар өткізу.
  • Полимерлік құбырларды инфрақұрылымдық жобаларға енгізу бойынша кешенді шаралар әзірлеу, соның ішінде талдамалық материалдар мен сараптамалық қорытындылар дайындау.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға және белгіленген қадамдарды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Қабылданған шешімдерді енгізу инженерлік желілердің сенімділігін арттырып, отандық өндірісті дамытуға серпін беріп, инфрақұрылымды пайдалану бойынша мемлекеттік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс салалық қауымдастықтар және бизнес-қауымдастықпен бірлесе жалғасатын болады.