2024 жылы Қазақстанда 17,9 млн тонна мұнай өңделіп, 14,5 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. 2025 жылы жоспарлар шамамен бірдей.
«Қазірдің өзінде 2025 жылы Шымкент МӨЗ қуатын екі есеге – жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жоба үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезеңіне көшу туралы шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және CNPC арасында осы жоба бойынша негіздемелік келісімге қол қойылады»,- деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Сонымен қатар битум өндіру бойынша «Caspi Bitum» зауытының қуатын арттыру жалғасады. Жоспарда мұнай өңдеуді дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау, сондай-ақ Павлодар және Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу бар.