
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Электр энергетикасын дамыту департаментінің қызметкерлерімен және Sumitomo Corporation (Жапония) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында энергетикалық ауысу бағдарламасы аясында Министрлік пен Sumitomo Corporation арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.