2025 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрлері С.Қ. Есімхановтің және Е.Қ. Ақкенженовтің Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Р.А. Маршавинмен кездесуі болды.
Кездесу барысында қатысушылар отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына ресейлік тараптың қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Мұнайды, мұнай және мұнай-химия өнімдерін жеткізу, сондай-ақ осы энергетикалық ресурстардың тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар осы салаларды одан әрі дамыту және екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті нығайту ниеттерін білдірді.