Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2025 жылдың 20 – 31 қаңтар айының аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 5 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • Азаматтың Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы берілген нысанға сәйкес өтініші (1-қосымша);
  • Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2-қосымша);
  • Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны ілгерлету бойынша жазбаша ұсынысы (бар болса) (3-қосымша);
  • Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам,  берілген нысан бойынша өтініш бере алады (4-қосымша).

Құжаттар электрондық поштаға жіберіледі - i.zhumagaliyeva@energo.gov.kz

Анықтама телефоны: 8 7172 78 69 30

Қажетті формаларды толтыру үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/782649?lang=kk ссылкасы арқылы өтуге болады.