
Ірі мұнай-газ жобаларында елішілік құндылықты одан әрі дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі Өкілетті органмен бірлесіп Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша өнімді бөлу туралы келісімдерде мұнай-газ жобаларының ірі операторларының Электрондық сатып алуларды енгізуі бойынша жұмыс жүргізуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде 2024 жылғы 18 желтоқсанда Солтүстік Каспий жобасының операторы тендерлік процестерді қамтитын E-procurement Электрондық сатып алу жүйесін іске қосты, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушіден өтініш берген сәттен бастап және тиісті шарттар жасасқанға дейін.
Осындай шарттарды жасасу және сүйемелдеу кезеңінен бастап оны аяқтағанға дейін толыққанды циклды іске асыру 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.