Астанада 2024 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің бастамасымен салтанатты түрде салалық кәсіподақ жетекшілеріне ведомстволық марапаттар табыс етілді.
Құрметті мұнайшылар – кәсіподақ көшбасшылары мен сала кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов құттықтады. Салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтаған Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Алибек Жамауов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларын табыс етті: