Қазақстан 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша газ өндіруді арттырды

Қазақстан 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша газ өндіруді арттырды

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 53,8 млрд м3 газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен жоғары.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің үкімет отырысында жасаған баяндамасынан:

«Газ саласына тоқталатын болсақ, Отын-энергетика кешенінің Ситуациялық талдау орталығының нақтыланған мәліметтері бойынша, есепті кезеңде 53,8 млрд.м3 газ өндірілді немесе өткен жылдың (53,7 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2% құрады.

Анықтама: Ұлттық статистика бюросы Отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығының алдын ала ақпараты негізінде 2-нен, ал министрлік 12-нен бастап жаңартылған деректерді пайдаланады.

Есепті кезеңде 5,4 млрд.м3 тауарлық газ экспортталды, бұл өткен жылдың (5,3 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда  101,9% құрады.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 18,2 млрд.м3 құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың (16,7 млрд.м3) сәйкес кезеңімен салыстырғанда  109%-ға орындалды.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,75 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың (2,67 млн. тонна) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103%.

Жалпы, 11 зауыт (ТШО, ЖГӨЗ, Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазГӨЗ және т.б.) ішкі нарыққа сұйытылған газды қалыпты, жоспарлы түрде шығарады.

Есепті кезеңде республика бойынша газ транзитінің көлемі 63,9 млрд м3 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес (52,7 млрд м3) кезеңімен салыстырғанда 121,3% құрады».