
Сұңғат Есімханов Түркістан облысына сапары аясында "Кентау Сервис" МКК ЖЭО-да реконструктивтік жұмыстардың барысын қарастырды. Қазіргі уақытта ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбина жұмыс істейді. Резервте тағы 2 қазандық бар. Жылу желілерінің температуралық жұмыс кестесі сақталуда. Жыл соңына дейін тағы 2 қазандықты қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда.
Бұдан басқа, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС басшысының жылу маусымның өту барысы және 2025 жылы жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Өңір әкімдігінің өкілдерімен және энергетикалық кәсіпорындардың басшылығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша вице-министр күзгі-қысқы кезеңнің барысын бақылауда ұстауды, температуралық кестені, отынның пайдалану қорының нормативін сақтауды тапсырды.
Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаментінің басшысына өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының жұмысына бақылауды күшейту тапсырылды.